×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Түркістанға Ердоған келеді

11.09.2023, 15:02
Facebook

Биыл қарашада елімізге Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биылғы жылдың 3 қарашасына жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитіне президент Режеп Тайип Ердоғанның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы», - деді Мұрат Нұртілеу елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуде.

Министр Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

«Орта және шағын кәсіпкерлер құрған кәсіпорындар бойынша да елеулі нәтижеге қол жеткіздік. Түркияның капиталымен елімізде 4 300-ден астам компания жемісті жұмыс атқаруда. Осы уақытқа дейін Түркия Қазақстан экономикасына 4,7 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция құйып, ең ірі инвесторлардың ондығына кірді. Бүгінгі таңда 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оған қоса 50 жаңа жоба пысықталып жатыр. Биыл бұл үрдіс жалғасып, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізге келген түрік капиталы 112 млн долларды құрады», - деді Мұрат Нұртілеу.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттерінің 10-шы мерейтойлық саммиті Түркістан қаласында өтеді.

Серіктес жаңалықтары