×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандық KEBCO мұнайының бағасы Brent құнынан асып түсті

11.09.2023, 15:08
Қазақстандық KEBCO мұнайының бағасы Brent құнынан асып түсті
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компания қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет берілді.

“Биылғы 8 айда мұнай және газ конденсатын өндіру, мұнай тасымалдау және қайта өңдеу көрсеткіштері бойынша өсім бар екені атап өтілді”, – делінген хабарламада.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнайдың отандық бренді KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) өндірісін бастады.

“Қазіргі таңда KEBCO мұнайының экспорт көлемі тұрақты түрде артып келеді. Бұл ретте KEBCO мұнайының бағасы биылғы тамыз айында Brent мұнай маркасының бағасынан асып түсті”, – деп хабарлады Ақорда.

Сондай-ақ Президентке мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағармай жөнелту қарқыны, соның ішінде күзгі жиын-терін маусымында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету ісі жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» компаниясы егін жинау науқанына 426 мың тонна дизель отынын бөлген.

“Кездесу соңында Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортын арттыру және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ Президент мұнай мен газды терең өңдеу саласына баса мән беру маңызды екенін атап өтті”, – делінген хабарламада.