×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

10,7 мың адамға іздеу жарияланған: Қазақстанда көбіне қандай адамдар із-түзсіз жоғалады

12.09.2023, 08:31
фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

  • Алматы қаласы - 287;
  • Қарағанды облысы - 221;
  • Павлодар облысы -170;
  • Алматы облысы - 167 тіркелген.

Бас прокуратура мәліметінше, көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

  • Үйден кетіп оралмаған – 1 634 адам,
  • автокөлікпен жоғалған – 74,
  • жұмыстан кеткен – 36.

“Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде. Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%)”, – деп мәлім етті ведомство.

 Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

  • Алматы қаласында (514)
  • Астана қаласында (185)
  • Шымкент қаласында (155)
  • Алматы (143)
  • Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

 

🚓

 Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз.

Серіктес жаңалықтары