×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанның үш қаласы ауылға айналады

13.09.2023, 07:55
Степняк қаласы

Еліміздің кем дегенде үш қаласы ауыл санатына қосылуы мүмкін. Бұл өзгерістер ұлттық экономика министрлігі жарлығының жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарлыққа сәйкес, халықтың саны 10 мың адамнан аз, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қалалар біртіндеп ауыл мәртебесіне ауысатын болады. Бұл өзгерістер келесі елді мекендерге қатысты:

Степняк – Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімшілік орталығы. Қаланың тұрақты тұрғындарының саны – 3800 адам.

Темір – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы қала. Мұнда 2100 адам тұрады.

Жем –  Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы қала, халқы – 1500 адам.

Сонымен қатар жарлықта халқы көп ауылдардың мәртебесін қайта қарау қарастырылған. Қазіргі уақытта елде бұл мәртебеге сәйкес келмейтін 17 ірі ауыл бар.

Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды, 26 қыркүйекке дейін талқыланбақ.

Серіктес жаңалықтары