×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақтар әлемді музыкамен баурайды: Жас композитор Женева жұртын таңғалдырды

26.04.2024, 23:20
ҚР СІМ

Тарихи Женева консерваториясында белгілі қазақстандық композитор және пианист Рахат-Би Абдысагиннің концерт кеші өтті, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

Бах, Моцарт, Бетховен және Шопен

Кешке дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ академиялық орта және жергілікті қала тұрғындары мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.  
Концерт барысында Рахат-Би Абдысагиннің сүйемелдеуімен И.С. Бах, В.А. Моцарт, Л. ван Бетховен, Ф. Шопен, Ф. Лист, А. Скрябиннің классикалық шығармалары, сондай-ақ композитордың өз шығармалары орындалды. 

Рахат-Би Абдысагиннің концерті еліміздің мәдени дипломатияны дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және бүкіл әлем бойынша аудиториямен музыканың әмбебап тілінде қарым-қатынас жасауға бейілділігін атап өтіп, Қазақстанның көркемдік алуан түрлілігін көрсетті. 

9 жасында басталған

9 жасында өзінің алғашқы туындысын жазған Рахат-Би Абдысагиннің қоржынында 150-ден астам композиция, оның ішінде үш опера бар. Жақында шыққан «The Bruce» операсы сыншылардың жоғары бағасына ие болып, осы жылдың басында оның премьерасы Ұлыбританияның төрт қаласында өткен еді.  

 

Серіктес жаңалықтары