Спорт журналисі Ермұхамед Мәулен азаматтардың хабарландыру сайттарында Қазақстан туын сата бастағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Нұрлан Қоянбаев (әзілкеш – ред.) біздің құраманы қолдау үшін 20 000 ту сатып алды. Сол туларды екінші ойында таппай қалдық! Кейбіреулер оларды ақшаға сату үшін 6-7-еуден алып кеткен", – деді Мәулен.
Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандықтардың мұндай әрекетіне наразылық білдірді.
"Қазақстанда ештеңені тегін бермеген дұрыс"
"Ұят, масқара"
"Адамдар есінен адасқан", – деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, бұған дейін футбол жанкүйерлері Қазақстан құрамасының матчында төбелескен болатын.