"Қазфосфат" компаниясы Құмкент ауылының тұрғындарына бірден екі үй ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қазфосфат" ЖШС – маңызды жобаларды іске асыра отырып, сөзбен емес, іс жүзінде өзінің әлеуметтік жауапкершілігін үнемі көрсететін кәсіпорындардың бірі.
Мұндай жобалардың әрбірінің артында нақты сандар, нәтижелер және, әрине, кәсіпорыннан нақты көмек алатын адамдар бар.
Осы аптада Түркістан облысы Құмкент ауылында жаңа 5 бөлмелі тұрғын үйдің кілтін алған екі аз қамтылған отбасыға "Асарлатып үй салу" акциясы аясында көмек көрсетілді.
— Біз "Қазфосфат" ЖШС-не біздің өтініштерімізді назардан тыс қалдырмағаны және осындай игі іс жасағаны үшін алғыс айтамыз, - деді батыр ана Бақытгүл Сәтиева баспана кілтін тапсыру рәсімі кезінде.
Құланды есімді 83 жастағы әже үшін де бұл рәсім қуанышты оқиға болды. Кейуана эмоцияларына ерік берді, өйткені оның ұлы да баспаналы болды. Ол іс-шараға жиналған адамдарға: "Елде тек береке, бірлік пен бейбітшілік болсын", деп батасын берді.
Сонымен қатар, "Қазфосфат" жыл сайын Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың сұрауы бойынша оларға тұрақты негізде қажетті көмек көрсетеді.
Компания осы өңірлерде өткізілетін мәдени-бұқаралық іс-шараларға барынша қатысады. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ЖШС арнайы техникамен қамтамасыз етеді. Ал қыс мезгілінде жолдарды тазалауға және қоқыс полигондарын жинауға жәрдемдеседі.
Биыл компания тағы да "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясына қатысты. Жамбыл облысы Сарысу, Талас аудандарының және Түркістан облысы Созақ ауданының аз қамтылған және көп балалы отбасыларының оқушыларынамектеп керек-жарақтарымен, мектеп киімдерімен, оқулықтармен қамтамасыз етуге көмек көрсетілді.
Бұдан басқа, "Қазфосфат" ЖШС көп балалы аналарға, жалғызбасты аналарға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға материалдық көмек көрсетті.
Кәсіпорындағылар атап өткендей, мұқтаж жандарға көмектесуге ұмтылу, абаттандыру жобаларын іске асыру компанияның басым міндеттері болып қала береді.