×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

14.09.2023, 12:29
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 13-қыркүйекте бөлімге 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті туралы хабарлама келіп түскен.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсауының себептері анықталып жатыр.

Бұған дейін облыстың прокурорлары адамдардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жиілегенін хабарлаған еді. Олардың дерегінше, аймақта күн сайын орта есеппен 2 суицид жасалады. Өткен жылы мұндай деректердің көбі Ақтөбе қаласында (143), Мұғалжар (5), Шалқар (4), Мәртөк, Әйтеке би (3-тен) аудандарында тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 4-сынып оқушысы өзі қатарлас балалардың буллинг фактілерінен кейін өзіне қол жұмсамақ болған.

Серіктес жаңалықтары