×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

«Бурабай» ұлттық паркінде алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

14.10.2021, 19:06
Фото: ашық дереккөз

«Бурабай» ұлттық паркіндегі фототұзаққа сілеусін түсіп қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық парктің Instagram парақшасында жарияланды.

«Бұл жануар өте сақ, сол себепті оны жасырын камераға түсірудің өзі оңай емес», - деп жазылған Ұлттық парк хабарламасында.  

Сілеусін – сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Оның Қазақстан аумағында 3 түр тармағы (еуропа, алтай және түркістан) кездеседі. Олардың таралу аумағы шағын алқапты қамтиды әрі саны да аз болғандықтан, Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына (2010) тіркелген. Сілеусіннің еуропа түр тармағы – Орталық Қазақстанда, алтай түр тармағы – Оңтүстік Алтай тау сілемдерінде, ал түркістан түр тармағы еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс алқаптарындағы тау тізбектерін мекендейді.

Серіктес жаңалықтары