×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жайылым тапшылығы: 32 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

15.09.2023, 14:02
фото: ашық дереккөзден

Антикор бүкіл елде жемқорлық тәуекелдеріне 150-ден астам талдау және мониторинг жүргізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство көмір мен жайылым жерлердің жетіспеушілігінде проблемалар барын хабарлады.

“Көмірмен қамтамасыз етуге келсек, қазірдің өзінде екі қосымша теміржол көмір тұйықтары жұмыс істейді. Оларда 5 мың тоннадан астам көмір қоры бар. Бір тоннаның орташа құны 16 мың теңгені құрайды. Жайылым жетіспеушілігі мәселелері бойынша жалпы ауданы 32,3 мың га жер учаскесі қайтарылды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша «Тыныс алу жолдарының химиялық күйігі» диагнозы аурулар тізіліміне қайтарылғаны мәлім болды.

“Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін тыныс алу жолдарының күйіп қалуы бойынша медициналық диагноздың болмауы емдеуде көптеген проблемалар туғызып, өңірде жалған қолайлы экологиялық жағдайдың көрінісін тудырды. Бұл диагнозды қалпына келтіру қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларының әсерін нақты бағалап, өңдеуші кәсіпорындар үшін кейіннен пәрменді ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді”, – деп мәлім етті Антикор.

Сондай-ақ, антикормониторинг көрінеу жалған геологиялық есеп беру фактілерін анықтаған.

“Бұл есеп мемлекеттік тауарлық-материалдық қорлар комиссиясының бекітуіне берілді. Геологиялық есепке сәйкес «саздақ» материалы түрінде 26,6 млн текше метр пайдалы қазбаның болуы зерттелген. Алайда, ШҚО мен Абай облысының аумағында барланған және бекітілген материал-саздақтардың барлық көлемі небәрі 6 млн текше метрді құрайды. Пайдалы қазбалардың нақты жетіспеушілігі экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін. Себебі, бұл көлем улы қалдықтардың қосымша қоймаларын салу үшін жоспарланғандықтан радиоактивті саналады”, – деп түсіндірді ведомстводағылар.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда мал жаюға берілген 12 млн гектар жер пайдаланылмай жатқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары