×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

АҚШ-та ең ірі үш автомобиль зауытында ереуіл басталды

16.09.2023, 08:48
pixabay.com

Қыркүйектің 15-і күні АҚШ-та ең ірі үш автокөлік өндіруші зауытта алғаш рет ереуіл басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Біріккен автокөлік жұмысшылары кәсіподағының 150 мың мүшесінің 13 мыңы қазірдің өзінде жұмысын тоқтатқан. Ереуіл үш автогиганттың кәсіпорындарын қамтыды - Миссуридегі General Motors, Мичигандағы Форд, сондай-ақ американдық Chrysler және Jeep автомобиль брендтеріне иелік ететін Огайодағы еуропалық Stellantis.

Ереуілшілер алдағы төрт жылда жалақыны 36 пайызға көтеруді талап етіп отыр, дегенмен UAW бастапқыда ірі автоөндірушілердегі топ-менеджерлердің жалақысының өсуіне байланысты жалақыны 40 пайызға көтеруді талап етті. Сонымен қатар кәсіподақ 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін жойылған кейбір әлеуметтік төлемдерді қалпына келтіруді талап етіп отыр. Өз кезегінде жұмыс берушілер бұған дейін алдағы 4,5 жылда жалақыны 20 пайызға көтеруді ұсынған.

UAW төрағасы Шон Фейн одақ талаптарын жоғары инфляциямен және автоөндіруші табысымен негіздеді. Бұған жауап ретінде Ford бас директоры Джим Фарли компанияның мұндай талаптарды орындай алмайтынын, өйткені бұлай жасаса толық банкротқа ұшырайтынын айтты.
Алайда компания қызметкерлері басшылықтың мәлімдемесімен келіспеген. Олар компанияның жеке табысы 2022 жылы шамамен 21 миллион доллар болғанын еске салды.

Автозаводтардағы ереуіл созыла берсе, бұл АҚШ экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Кейбір бағалаулар бойынша бір айға созылған ереуіл елдің жалпы ішкі өнімін 0,2 пайызға төмендетеді.

Серіктес жаңалықтары