×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шымкентте ЭКҰ жасатуға 429 квота бөлінген

16.09.2023, 16:30
Шымкентте ЭКҰ жасатуға 429 квота бөлінген
Ашық дереккөз

Биыл Шымкентте «Аңсаған сәби» бойынша 429 квота бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, жыл басынан бері 322 анаға жасанды ұрықтандыруға жолдама берілді. Ал былтыр 141 әйел балалы болған. 

21 жасар Назерке Сарыбайдың тұрмысқа шыққанына 3 жылдан асқан. Алайда біраз уақыт бала көтере алмапты. Сондықтан ЭКҰ жасатуға шешім қабылдаған. Ол былтыр «Аңсаған сәби» жобасына өтініш тастап, квота жеңіп алған. Жасанды ұрықтандыру процесі бірінші реттен сәтті шығып, қазір ол 1 баланың анасы атанды.

Статистикалық мәліметтер бойынша Шымкентте 1000-ға жуық жұп бала сүйе алмай жүр. Оның 340-ы ЭКҰ жасату үшін мемлекеттік квота алуға кезекке тұрған. Оның 322-сіне жолдама берілді. Қазір 40 әйел жүкті болса, 60 процедура нәтижесіз болған. Мамандар ана болуды армандаған әйелдер 42 жасқа дейін жасанды ұрықтандыру процесіне жүгіне алатынын айтады.

«Ең бірінші әйелдің гармонына қараймыз, жасына қараймыз. Бедеуліктің факторына да қараймыз. Осы 3 фактор бойынша жұмыс жасаймыз. Бізде Шымкентте 3 клиника бар. Олар Экомед, Клиника доктора Тарарака, ИРМ. Көбіне осы 3 клиникамен байланыста жұмыс істейміз”, – деді репродуктолог Ақмарал Нұржанова.

Биыл үшінші мегаполиске «Аңсаған сәби» бойынша 429 квота бөлінген. Алайда оның 50-і Алматыға жіберілген. Себебі онда кезегін күткен аналар көп, ал квота шектеулі. Айта кетейік, өткен жылы қалада эконың көмегіне жүгінген 215 ананың 141-і балалы болған.