Адвокат Ажар Әбділ ақтаулық спортшы Валерия Шалнованың өліміне қатысты тың мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Адвокаттың қолында адам өлтіру оқиғасы бар шілденің 1-нен 2-сіне қараған түні түсірілген бейнекамераның жазбасы болған.
Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы Валерия Шалнованың мәйіті МАЭК су алатын каналдың маңынан табылған болатын. Полиция бұл істі алдымен «өз-өзіне қол салуға итермелеу» (ҚР ҚК 105-бабы) бойынша тергей бастады. Кейін бұл іс «қауіпті жағдайда қалдыру» санатына ауыстырылды. Артынша құқық қорғау органдары істі қайта саралап, қазір кісі өлтіру (ҚР ҚК 99-бабы) бойынша тергеліп жатыр.
Марқұмның әпкесі Каролина Шалнова сіңлісінің өлімі әділетті тергелмей қала ма деп қорқады.