×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Естімейміз, көрмейміз: Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты сот қалай өтіп жатыр

18.09.2023, 14:52
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бүгін Алматыда ІІМ ҚАЖК №72 тергеу изоляторында қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша алдын-ала тыңдаулар жалғасты. Қайрат Құдайберген, Арман Жұмагелдиев және тағы да қырық күдіктіге жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты немесе ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Ulysmedia.kz 18 айға созылған тергеу хронологиясын жүргізіп келеді.

Бұл сот процесі шағымдар саны бойынша рекордтар жаңартуы мүмкін. Бірер күн бұрын 10 анонимді жәбірленуші отырыстарды жабық форматқа ауыстыру туралы өтініш жазды.

Шешім қабылданған жоқ

Жұма күнінен бері процеске қатысушылар мен бақылаушылар судьяның осы өтініштер бойынша қандай шешім қабылдайтынын тұспалдады. Соттың жабық форматқа ауысатыны немесе ашықтық сақталатыны – белгісіз, өйткені шешім әлі қабылданбады. Десе де, бұдан бұрын адвокаттар бұл процесте журналистер мен процеске қатысушыларға ақпаратқа қолжетімділік шектелгенін мәлімдеген.

Отырыс жоспарланғаннан 15 минут бұрын – 9:45-те басталды. Сотталушылар қамалған тор күзетшілермен қоршалған. Процестің басында судья Асхат Әшірбеков Жұмагелдиевтің адвокаты Рена Керімоваға өзінің іс-әрекеттерімен соттың қалыпты жұмысына кедергі келтіргендіктен ресми ескерту жасады.

- Мен мұндай іс-әрекеттердің бәрін бірден тоқтатамын, - деді Асхат Әшірбеков.

Адвокаттар қарсы

Керімова өз кезегінде сот алқасына судьяны істен шеттету туралы өтініш жіберді. Адвокаттың айтуынша, оның процес барысында тікелей немесе жанама мүддесі бар. Рена Керімова соттан ұсталғандарға қатысты көптеген бұзушылықтар туралы түсініктеме беруін сұрады – сот алдында олар толығымен шешініп, тексеріледі.

- Сонымен бірге, процес барысында олар мүлде тамақтандырылмаған. Бұл азаптау болмағанда не?", - деп атап өтті адвокат.

Бұзушылықтарды тізіп, ол судьяның прокуратураның тікелей ықпалында екенін және бейтарап шешім қабылдай алмайтынын айтты.

Судья өтінішті қанағаттандырған жоқ, бірақ адвокаттың наразылығы залда белсенді дау тудырды  – көбісі Керімованың жағына шықты.

- Өзін-өзі істен шеттету туралы өтінішті қарастырмаған судьяның әрекеттері заңсыз болып табылады. Барлық адвокаттардың қалауы бір –  құрметті судья, сіздің заңға бағынуыңыз, - деп атап өтті қорғаушы тарап өкілдерінің бірі.

Техникалық мәселелер

Сондай-ақ, отырыс барысындағы техникалық проблемалар да нарызылық тудырды. Жұмагелдиев пен оның қорғаушылары не айтылып жатқаны естілмейтінін мәлімдеді. Содан кейін түсініксіз себептермен, бейнеконференцияны ұйымдастырушылар дәл осылай шағымдана бастаған басқа адвокаттардың микрофонын өшіріп тастады.

Сотталушылар да эмоцияларын жасырмады – біреу қол шапалақтады, біреу жай ғана өзіне назар аудартқысы келді – сот отырысы бір сәтте ток-шоуға айналғандай әсер қалдырды.

Судья сотталушыларға сөгіс жариялады.

Содан кейін барлық айыпталушылар қылмыстық іс материалдарымен таныспағаны белгілі болды.

- Бізге істің материалдарымен танысуға жағдай жасалғанын мәлімдеген прокурордың сөзі шындыққа жанаспайды – бес ай ішінде маған танысуға небәрі 16 күн бөлінді. Күні бойы маған істі небәрі 2 сағат оқуға рұқсат етілді, - деді Қайрат Құдайберген.

Адвокаттар отырысты бір залға ауыстыруды, онлайн-форматтан бас тартуды талап етті және бұл процесс ел тарихына енетінін еске салды. Айтпақшы, сотта сотталушылардың біреуін неге онлайн режимде қосатынын, ал енді бірін процеске тікелей қатыстыратынын ешкім түсіндірген жоқ. Дәл осындай қитұрқылықтар қатысушы тараптардың наразылығын тудырды.

Серіктес жаңалықтары