×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Павлодар облысында мектеп директоры мас күйде көлік жүргізген

19.09.2023, 08:01
Колеса

Павлодар облысындағы ауылдық орта мектептің директоры мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мектеп директорына қатысты іс Павлодардағы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды. Іс материалдарына сүйенсек, 15 қыркүйекте азамат У. мас күйінде көлік жүргізген.

Сот отырысында мектеп директоры ішімдік ішпегенін айтып, кінәсін жоққа шығарды. Алайда жүргізушінің уәжін сот-медициналық сараптаманың нәтижелері, полицейдің айғақтары және оның жетонындағы бейнежазба жоққа шығарды.

Сот ер адамды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Оған жеті жыл бойы көлік жүргізуге тыйым салынды.

Қаулы әлі заңды күшіне енбегені атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары