×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда жұмыртқа өндірісі азайды

19.09.2023, 17:09
фото: ашық дереккөзден

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 3 328,1 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға аз (3 398,7 млн дана), деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өңірлер бөлінісінде тауық жұмыртқасының өндірісі Ақмола облысында ең жоғары – 490,8 млн данадан астам. Тізім басындағы өңірлер үштігінде Солтүстік Қазақстан (483,4 млн дана) және Қарағанды облыстары (456,4 млн дана).

Айта кетейік, азық-түлік тұтыну бойынша орта есеппен жан басына шаққанда айына 17 дана жұмыртқа келеді.

Он жұмыртқаның орташа бағасы - 461 тг (І санат).

Айта кетейік,  ресми статистика деректері қазақстандықтардың жиған-тергенін тұтыну қажеттіліктеріне, азық-түлік пен несие төлеуге жұмсайтынын көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары