×
451.31
487.32
4.9
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
451.31
487.32
4.9

Ресей Қазақстанға қауіп төндіріп тұр – Зеленский

20.09.2023, 09:44
көрнекі фото

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зеленский Ресейдің ядролық қаруға иелік етуге құқығы жоқ екенін атап өтті. Ол Украина КСРО ыдырағаннан кейін Ресейге ядролық арсеналын берген елдердің қатарында екенін еске салды.

"Украина өзінің үшінші үлкен ядролық арсеналын берді. Әлем Ресей осындай алпауыт күштің сақтаушысы болуы керек деп шешті. Бірақ одан әрі тарих дәл сол кезде, 1990 жылдары Ресейдің ядролық қарусыздануға лайық бірден-бір ел екенін дәлелдеді. Ресей қазір де қарусыздануға лайық: террористердің ядролық қаруды иеленуге құқығы жоқ", - деді Зеленский.

Ол Молдова, Грузия, Сирияны мысалға келтіре отырып, Ресей әр онжылдықта жаңа соғыс бастайтынын айтты.

"Ресей Беларусьті жұтты, Қазақстан мен Балтық жағалауы елдеріне қауіп төндіріп тұр. Мен "сахна артында көлеңкелі мәмілелер жасау” әрекеттері туралы білемін. Зұлымдыққа сенуге болмайды. Пригожиннен Путиннің уәделеріне сену керек пе деп сұраңыз. Сөзіме құлақ асыңыздар. Барлығы ашық шешілсін", – деді Зеленский.

Айта кетейік, бұдан бұрын Зеленский Украина соғыста жеңілсе, Ресейдің барлық көршісіне қауіп төнетінін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары