×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Абай облысындағы ауылдардың бірінде төтенше жағдай жарияланды

20.09.2023, 11:33
фото: ашық дереккөзден

Абай облысының Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылында төтенша жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ауыл тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді. Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады.

“Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіреберісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

 

Мамандардың айтуынша, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немесе ластанған тағамдар мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысында Сібір жарасы етек жайғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары