×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

"Жаңа есімдер аталар деген үміт бар": Ермұрат Бапи Самат Әбіштің тергелуі жайлы

20.09.2023, 14:17
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің тергелуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз Самат Әбішке қатысты тергеудің ақпаратын біле қоймаймыз. Себебі ҰҚК басшысының орынбасары болғандықтан, бұл жердегі ақпарат мардымсыз болады. Бірақ сол тергеу нәтижесінде жаңа есімдер атала ма деген үміт бар. Қазір жүріп жатқан сотқа байланысты тағы біраз фигуранттар аталуы керек деп ойлаймын», – деді мәжілісмен.

Еске салайық, қаңтардағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша сот отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді.

Көп ұзамай Бас прокуратураның Самат Әбіштің тергеліп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары