Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыров ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мөлшерлеменің өсуі туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас тудырды. Кәсіпкерлер бұл оларға елеулі салмақ түсіреді деп алаңдаулы.
"Ешкім салық төлегенді ұнатпайды. Барлығы мөлшерлемені төмендетуді сұрайды. Бұл бүкіл әлемде қалыпты үрдіс. Мұндай қызу талқылаудың болғаны жақсы", - деп жауап берді Қуантыров.
Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін өсуі тек бизнес-қоғамдастықта ғана қызу талқыланып жатқан жоқ – қарапайым азаматтардың болжамдары көңіл көншітпейді. Сарапшылар бұл өзгеріс ең әуелі қараша халыққа әсер ететінін жоққа шығармайды – өйткені ол қазақстандықтардың сатып алу қабілетін төмендететіні анық.