×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

8,3 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды: тексеру қорытындысы жарияланды

21.09.2023, 09:27
фото: ашық дереккөзден

Үкіметте игерілмей жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше,  2022 жылдың басынан бері мемлекетке 8,3 млн га жер қайтарылды.

“Тексеру қорытындысы бойынша Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері 835,9 мың га аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 615 ұйғарым енгізді. Бұдан бөлек, 271,5 мың га бойынша 183 іс сот органдарының қарауында жатыр.Тексеру қорытындысы бойынша 797 жағдайда заңбұзушыларға жалпы сомасы 156,3 млн теңге айыппұл салынып, оның 68%-ы өндіріліп алынды”, – делінген хабарламада.

Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 689 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін қайта игеруге кіріскен.

«Жер біздің басқа да табиғи ресурстарымыз сияқты Қазақстан Конституциясымен халыққа тиесілі деп айқындалған. Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселесі оларды мемлекеттік меншікке қайтару ғана емес, әрі қарай әділ бөлу болып табылады. Мемлекет басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясын дамытуды ынталандыру міндетін нақты атап өтті. Бірақ егер ауылдарда жайылымдық жерлер болмаса, онда қандай даму туралы айтуға болады? Жерлер бюрократиялық кедергілерге байланысты пайдаланылмай қалмауы тиіс, оны ел экономикасы үшін жұмыс істету керек», — деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, бұған дейін Бурабайда 285 млн теңгенің жайылымдары мемлекетке қайтарылғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары