×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Композитор Арман Қайназаров кісі қолынан қаза тапты: күдікті ұсталды

21.09.2023, 13:39
видеодан кадр

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды.

«Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – дейді полицейлер.

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында композитордың 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағынауданында жігіттермен төбелесіп, алған жарақаты салдарынан жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тарады.

Өнер иесі 19 қыркүйекте қайтыс болған.

Жазда әлеуметтік желілерде Арман Қайназаровтың "бомжға" айналған видеосы тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары