×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Белгілі композитор Арман Қайназаровтың "бомжға" айналған видеосы тарады

19.06.2023, 12:32
видеодан кадр

Әлеуметтік желіде белгілі композитор Арман Қайназаровтың далада түнеп, көше кезіп жүрген видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қызылордалық ақын Есет Табынбаевтың айтуынша, желіде «бомжға» айналған видеосы тарағаннан кейін сазгерге жомарт жандар көмектесіпті. 

«Әңгімесіне қарасаң, өнерден кенде емес, көптеген әннің авторы екен. Басқа емес, Қазалының тумасы. Тағдыр деген сан бұралаңды дүние екенін есейген сайын көріп келеміз ғой. Мына бауырымыз сол тар жолда тайып кетіпті. «Үйіме баруға ұяламын» деп отыр. Өзін тастап жібергенімен, бастысы, ар-намысын, ұятын тастамапты. Танитын кісілер, ағайын-бауыры болса, қолтығынан сүйеп жіберсе, аяғына тұрып, көптеген әннің авторлық құқығын алса, әжептәуір азамат, шығармашылық адамы болып та кетер ме еді?!» - деп жазды ақын.

Арман Қайназаровтың орындаған әндері осыдан он шақты жыл бұрын YouTube желісіне жүктелген.

Сазгердің үй-күйсіз жүргенін естіп оған ел азаматтары қол ұшын созған екен.

«Үмітсіз шайтан ғана. Келешекке деген талпынысы мықты болып тұр. Қолтығынан сүйеген, орнынан тұруға демеп жатқан азаматтарға Алла сауаптан жазғай. Десе де, бір адамның тағдырына немқұрайлы қарамай, жан-жақтан сұрастырып, адами асылдығын білдіріп жатқан ағайынға алғаусыз алғыс айтамын. Азаматтық ары мүлгімей, шерлі қоғамның шекарашысындай болып тұрған Әлімжан Жарылқағанов, Қаныбек Әбдуов, Назерке Сәниязова сынды аға-апаларыма тек жақсылық тілеймін», - деп жазды Есет Табынбаев.

Желідегі жұрт өнер иесінің әнін орындап жүрген әншілер оған қолдау көрсетуі керек деп есептейді.

“Көмек беру керек, Шәмшінің тағдырын қайталамасын, өлгеннен соң, “ұлы еді, талант еді” деп, бос маңыраудың керегі жоқ”, “Негізі әншілер осындай тұлғалардың әндері мен танымал болады,неге көмек теспейді,әлде ешкім білмей ме?” деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары