×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырған шымкенттікке үкім шықты

21.09.2023, 14:06
көрнекі фото

Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.

Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді. 2023 жылғы 17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді”, – деп мәлім етті ҰҚК.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған шетелдікке үкім шыққан.

 

Серіктес жаңалықтары