×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ерекше мағына: Украинада "Ресей" сөзін кіші әріппен жазуға ресми түрде рұқсат берілді

22.09.2023, 08:47
Ерекше мағына: Украинада "Ресей" сөзін кіші әріппен жазуға ресми түрде рұқсат берілді
көрнекі фото

Украин тілінің стандарттары жөніндегі ұлттық комиссия "Ресей" сөзін және Ресей Федерациясымен байланысты басқа да ұғымдарды кіші әріппен жазуға рұқсат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толыққанды соғыс басталғаннан кейін көптеген украиналық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары "Ресей" сөзінде бас әріппен жазудан бас тартты. Енді бұл тәжірибе украин тілінің нормаларына сәйкес деп танылды, бірақ тек бейресми мәтіндерде.

Ведомство "Ресей Федерациясы", "Ресей", "Мәскеу", "Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы" және т.б. сөздерді кіші әріппен жазуға ресми түрде рұқсат етілгенін атап өтті.

Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Ресей Қазақстанға қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді.