×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Суицид емес: Астанада 14-қабаттан құлап көз жұмған оқушының туыстары мәлімдеме жасады

22.09.2023, 09:02
фото: ашық дереккөзден

Астанада көпқабатты тұрғын үйден құлап қаза тапқан жасөспірімнің туыстары қазақстандықтарға жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марқұмның жақындарының мәлімдемесін «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жариялады.

«Мен, 12-қабаттан құлап кеткен баланың әпкесі Омарбекова А.Н. бұл қайғылы жағдайдың буллинг салдарынан өзіне қол жұмсау емес, жазатайым оқиға болғанын мәлімдеймін. Егер баланың отбасынан, достарынан және сыныптастарынан сұрасаңыз, бәрі оны жақсы көргенін білуге болады, ол өте көпшіл бала еді. Мұғалімдермен де қарым-қатынасы жақсы болды. Модельдікпен айналысып, жарнама роликтеріне түскен. Оның өлімі №17 мектептегі буллингтен болған деген ақпараттар жақындарына ауыр тиіп отыр», - делінген мәлімдемеде.

Қор өкілдері мен марқұм жасөспірімнің туыстары желіде жалған ақпарат таратпауды өтінді.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлеуметтік желіде «Триумф» тұрғын үйі кешенінің 12-ші қабатынан 14 жастағы бала секіріп кеткені жайлы ақпарат тарады. Бастапқыда баланың буллингке ұшырағаны айтылған болатын.

Серіктес жаңалықтары