×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Құқық қорғаушылар судьялардың үстінен шағым әзірлеп жатыр

23.09.2023, 08:44
facebook.com

Қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алу ісі бойынша сотталушылардың адвокаттарын сот залына кіргізбеген судьяларды жазалауды талап етуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 19 қыркүйекте, сот отырысы басталар алдында сот ғимаратына айыпталушылардың жақтастары мен адвокаттар жиналды. Алайда олардың ешқайсысы ғимаратқа кіре алмады, өйткені судья сот отырысының онлайн өтетінін бұрын хабарлаған болатын.

Адвокаттар сот ғимаратына кірмек болған кезде полиция қызметкерлері есікті жауып тастады.

“Неліктен Алматы қалалық соты сотталғандардың сотта ашық және бейтарап сот талқылауы мен іс жүргізу құқығын елемейді? Өз басым құқық қорғаушы ретінде Алматы қалалық сотына шағымдарым көп. Қалалық соттың кәсіби дайындық деңгейі сұрақтар туғызады. Ал олар адамдардың тағдыры мен өмірін шешеді ғой», – дейді Төреғожина.

Сонымен қатар құқық қорғаушы оқиғадан кейін судьялар Дәулиев, Қарабаев және Бектемірова сотталушылардың қорғаушыларын жазалауды және адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айыруды талап етіп отырғанын атап өтті.

«Менің ойымша, бұл үштіктің үстінен жоғары сот кеңесіне олардың біліктілігіне және адвокаттарға төзбеушілік тудыруына байланысты барлығымыз шағым түсіруіміз керек», - деді құқық қорғаушы.

Бұған дейін белсенді Абзал Достияров 15 тәулікке қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары