×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Антирекорд: FlyArystan рейсі бір түнде үш рет кейінге шегерілді

23.09.2023, 16:24
Ашық дереккөз

FlyArystan әуе компаниясының Астанадан Алматыға ұшатын рейсі түнде 3 рет кейінге шегерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әуе компаниясының жолаушыларына бір күн бұрын сағат 22:00-де алғашқы хабарлама түсті: «2023 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 23:45-те KC7058 Астана – Алматы рейсі операциялық қажеттілікке байланысты кешіктірілгенін хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.

Ұшу сапары алдын ала 23 қыркүйек күні сағат 00:20-ға ауыстырылды. Содан кейін тағы да 23 қыркүйекте таңғы 04.30 және 04.45-ке шегерілді.

Кешіктірілген рейстегі жолаушылардың айтуынша, әуе компаниясы билеттер үшін ақшаны қайтарудан бас тартқан. Сондықтан көпшілігі басқа әуе компаниялардың рейстеріне билеттерді өз бетінше сатып алуға мәжбүр.

Бұған дейін Fly Arystan ұшағының 150 жолаушысы Ақтау әуежайында тұрып қалған болатын.

Азаматтар әуе қатынасының сапасы мен әуе билеттерінің бағасына жиі шағымдана бастады. Премьер-министрдің әуе тасымалдаушыларға жүктеген қатаң тапсырмасынан соң, бірден екі қазақстандық әуе тасымалдаушысының басшылары – Питер Фостер (Эйр Астана/Флай Арыстан) мен Владимир Денисов (Скат) баспасөз мәслихатын өткізіп, шағымдарға жауап берді.

Серіктес жаңалықтары