×
$
457.09
€
508.42
₽
5.67
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
457.09
€
508.42
₽
5.67

Бектенов бизнесті тексеруге мораторий енгізу мәселесін екі аптада талқылауды тапсырды

Бүгін, 13:45
Бектенов бизнесті тексеруге мораторий енгізу мәселесін екі аптада талқылауды тапсырды
ЖИ/Ulysmedia

Премьер-министр Олжас Бектенов микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу жөнінде екі апта ішінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Үкімет отырысында премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасымен, бизнес-омбудсменмен және Құрылтай депутаттарымен ықтимал мораторий мәселесін талқылауды тапсырды.

Ұсыныс мақұлданса, бизнесті тексеруге қойылатын шектеулер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылға енгізілуі мүмкін.

– Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені барынша азайтып, олардың қызметіне артық араласуды болдырмау. Тиісті ұсыныстар екі апта ішінде Үкіметке енгізілуі керек, – деді Бектенов.

Тоқаев мораторийді неге қайта енгізуді ұсынды?

28 қазанда президент мемлекеттік бақылаудың қолданыстағы жүйесін сынға алды. Ол кәсіпкерлерге әлі де айыппұл салынып, жоспардан тыс тексерулер жүргізілетінін және шоттары бұғатталатынын атап өтті.

Тоқаев мынадай деректерді келтірді: бірінші жартыжылдықта жеке кәсіпкерлер тарапынан тіркелген құқық бұзушылықтар саны 34%-ға азайған. Соған қарамастан, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 11%-ға жуық өскен, ал жоспардан тыс тексерулер саны ондаған есе артқан.

– Ал іскерлік белсенділікке жасалған талдау бизнестің қалыпты жұмыс істеуі үшін оған кедергі келтірмеу жеткілікті екенін көрсетіп отыр, – деді президент.

Еске салайық, Қазақстанда 2020-2023 жылдары микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий қолданылды. Ол кәсіпкерлерді тексеруге және олардың қызметіне бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылауға шектеу қойды. Алайда мораторийдің жекелеген ерекшеліктері болды. Президент бұл тәжірибе өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті.