×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Сhoco қосымшасында "Қырым Ресей жері" деп көрсетілген

23.09.2023, 17:15
Ашық дереккөз

Choco қосымшасынан ақылға сыймайтын қателік табылды. Қырымда өндірілген Villa Krim Muscat Riviera шарабы сервисте Ресейдікі деп көрсетілген. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

Choco қатесін мойындап, оның саясатқа қатысы жоқ деп сендіргісі келеді.

«Бұл жағдайда өндіруші елдің көрсеткіші холдингтің және жеке тұлғалардың қандай да бір саяси ұстанымына байланысты емес. Иә, шынында да, затбелгі бойынша өндіруші ел – Украина. Олар мазмұн жағынан қателесті”, – делінген жауапта.

1954 жылы Кеңес басшылығының шешімімен Қырым Украина КСР-іне берілген. КСРО ыдырағаннан кейін (1991) Қырым Автономиялық Республикасы тәуелсіз Украинаның құрамына енді. 2014 жылы наурызда Қырымды Украина мен БҰҰ-ға мүше елдердің көпшілігі мойындамайтын Ресей аннексиялады.

Қазан айында танымал қазақстандық кәсіпкер, Choco холдингінің негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты мәлімдемесі халықтың наразылығы туғызған. Атап айтқанда, елге келген ресейліктермен кездесуінде Мухоряпов орыс тілінде сұрақ қойып, қазақша жауап алса, мұны «аздап ұлтшылдық» деп санайтынын айтты. Кәсіпкердің бұл сөзі жерлестерінің ашуын келтіріп, халық одан кешірім сұрауды талап етті. Содан кейін оның холдингінің барлық веб-парақшаларында қазақ тілінде мазмұн жоқ екені белгілі болды. Choco өнімдерін түбегейлі пайдаланбау туралы бастамалар көтеріле бастады. Бірақ соңында полиция Мухоряповтың сөздеріне лингвистикалық сараптама жасап, кәсіпкерге ешқандай айып тағылмады.

Серіктес жаңалықтары