×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Олигарх Ломтадзе мен Bloomberg журналисі арасындағы дау қызу талқыға түсті

23.09.2023, 20:20
Фото: Ulysmedia.kz

Kazakhstan Growth форумында Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе мен Bloomberg журналисі Нариман Гизитдинов арасында дау туындап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейнежазбада журналист Ломтадзеден былай деп сұрайды:

Сіз Қазақстан азаматтарының мүддесі туралы айттыңыз. Былтырдан бері қазақстандық реттеуші кепілсіз несиелер бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемені 56-дан 44%-ға дейін төмендетуге тырысып жатыр. Осыған байланысты менің сұрағым бар: сіз реттеушінің осы бағыттағы бастамасын қолдайсыз ба? Қолдасаңыз не үшін екенін түсіндіріңізші. Екінші сұрақ: Kaspi-ге бизнес үлгісі ретінде мұндай төмендеу қаншалықты әсер етеді?

Олигарх «мұндай қысқарту Kaspi бизнес үлгісіне әсер етпейді» деп жауап берді.

«Мен қай кезде де айтамын: мақсаттан алыстамайық. Сізге қарсы сұрақ: тарифті төмендетуге қандай негіз бар?», - деді Ломтадзе.

Журналист өзіне бұл сұрақтың не үшін қойылғанын түсінбеді, өйткені ол реттеуші емес. Ломтадзе, өз кезегінде, журналист «бұл тақырыпты өте белсенді жариялап жатыр» деп санайды.

«Сіз Қазақстандағы жақсының бәрін көрсете бермейсіз, ал кемшін тұстарын барынша көрсетуге тырысасыз. Мен сіздің бір мақалаңызды көргім келеді. Бұл жерде инвестиция тарту туралы сөз болып отыр ғой. Инвесторларға Қазақстанға инвестиция салудың мағынасы бар екенін айтып, сендіру керек. Маған Қазақстанға инвестиция салудың мәні бар деген бір мақалаңызды көрсетіңізші», - деп қарсылығын жалғастырды кәсіпкер.

Журналист өзін ойын түсіндіруге тырысқанда Ломтадзе Нариманның Қазақстан туралы «тек жағымсыз нәрселерді» жазатынын айтты. Даудың соңы мына сөз тіркестерімен аяқталады.

«Сіз менің сұрағыма жауап бермедіңіз», - дейді журналист.

“Мен саған қарсы сұрақ қойдым, Нариман, - деп жауап берді банкир. - Мөлшерлемені төмендетуге қандайда бір негіз бар ма?”

«Мен қаржы реттеушісі емеспін», - деп қайталады журналист.

Әлеуметтік желі қолданушылары тараптар арасындағы диалогты қызу талқылап жатыр:

“Ломтадзе дауды базарға айналдырды. Бір сұраққа дұрыс жауап бермеді.”

“Ең жақсы қорғаныс – шабуыл деп бекер айтылмаған. Ломтадзе сауалға жауап бермей, одан қашқақтауды шебер меңгерген...”

Еске сала кетейік, бұған дейін қаржыгер Расул Рысмамбетов Астанадағы Kaspi Bank-тегі жоғары пайызға қатысты пікір білдіріп, банктер мөлшерлеме шарттарын қайта қарау керектігін айтқан болатын.

Сарапшы Астанадағы төтенше жағдай Қазақстан банктеріне жасалған белгі деп есептейді.

«Астанадағы Kaspi Bank филиалындағы адамдарды кепілге алу банктердің тарифтерді төмендетуге кірісуі үшін «дабыл» болуы керек. 50% жақсы емес. Жаңадан берілген несиелер бойынша мөлшерлемелерді қайта есептейік. Сондай-ақ коллекторлардың қызметін қайта қарау керек. Мұның бәрі жинақталған негатив. Зардап шеккендердің болмағаны жақсы», - деді ол.

Kaspi иелері - олигархтар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе.

Ломтадзе – «Kaspi.kz» АҚ акционері, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жалпы акцияның 23,24% иесі. Ол жақында екі жылға жуық үзілістен кейін Bloomberg агенттігінің миллиардерлер рейтингіне қайта оралды.

Серіктес жаңалықтары