×
498.51
522.84
4.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.51
522.84
4.81

14 айдағы рекорд: айырбастау нүктелерінде рубльге сұраныс күрт өсті

25.09.2023, 15:17
14 айдағы рекорд: айырбастау нүктелерінде рубльге сұраныс күрт өсті
mail.kz

2023 жылдың тамызында рубль Астанада белсенді сатылды. Елордада Ресей валютасы сатылымының жалпы сомасы 4,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының есебінше, тамыз айында рубль саудасы 12,9 млрд теңгені құраған. Бұл – 2022 жылдың маусымынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

"Ай сайынғы жалпы көлем екі еседен астам өсті. Шілдеде таза сатылым шамамен 6 миллиард болды, айдан-айға күрт өсті, шамамен 16 есе. Рубльдің құнсыздануы аясында оған сұраныс өсуде: тамыздағы орташа ресми бағам – 4,75 теңге, шілдеде – 4,94. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 1 рубльдің құны – 5,54, ал бірінші тоқсанда 6,27 теңге болды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте долларға сұраныс төмендеді. Мәселен, шілдеде АҚШ валютасының сатылымы 194,1 млрд теңгені, тамызда – 149,6 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ресей Қазақстанның валюта нарығында сауда жасауын шектеген.