×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жыл басынан бері төтенше жағдайлар салдарынан 500-ге жуық адам қаза тапты

26.09.2023, 15:41
көрнекі фото

Бұл туралы Мәжіліс комитетінің отырысында төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпханов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шеңберінде биылғы жылдың сегіз айында ел бойынша сегіз мыңнан астам төтенше жағдай және 1250 адам зардап шеккен оқиғалар тіркелді, оның ішінде 495 адам қаза тапты. Материалдық шығын 9 млрд теңгеден асты", - деді министр.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар 9 мыңға жуық адамның өмірін арашалаған, ТЖ аймағынан 9 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 3,5 мыңнан астам зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 

Айта кетейік, биылғы жылдың 7 айында елімізде өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмыскер зардап шегіп, оның 69-ы қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары