×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астана шенеуніктері 150 жұмыс орнын ашатын жобаға құжат бермей қойған

28.09.2023, 09:50
Астана шенеуніктері 150 жұмыс орнын ашатын жобаға құжат бермей қойған
aikyn.kz

Елорда шенділері жергілікті тұрғындар үшін 150 жұмыс орнын құра отырып, құны 2,5 млрд. теңге болатын инвестициялық жоба ұсынған «Бозайғыр» ЖШС-ті құжат бермей сенделткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық прокуратура мәліметінше, уәкілетті орган екі айдан астам уақыт бойы инвестициялық жобаның келісімін алу үшін қажетті құжатты бермегені анықталды.

“Кәсіпкерлік субъектісі қалалық прокуратураға жүгінгеннен кейін ғана инвестордың құқықтары қалпына келтірілді”, – делінген хабарлама.

Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО шенділері кәсіпкерлерге 2 млрд теңге субсидияны төлемегені анықталған.