×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

СҚО шенділері кәсіпкерлерге 2 млрд теңге субсидияны төлемеген

25.09.2023, 09:34
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2 млрд теңгеден асатын субсидияны уақтылы төлемеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекеттік органдардың  төлемдерді тоқтата тұру туралы негіз болған  шешімдері прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзылды”, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, кәсіпкердің құқығы сомасы 948 млн теңге субсидия төлеу жолы арқылы қалпына келтірілді.

Ведомство қалған соманы төлеу  бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облысында субсидияға бөлінген 900 млн теңге ұрланған еді.

 

Серіктес жаңалықтары