×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бәрін инфляция "жеп қойды": Қазақстанда орташа жалақы қаншалықты өсті

29.09.2023, 15:45
Бәрін инфляция "жеп қойды": Қазақстанда орташа жалақы қаншалықты өсті
фото: ашық дереккөзден

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, биыл ең жоғары орташа жалақы - 532,6 мың теңге Атырау облысында тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл ретте, шағын кәсіпорындардың қызметкерлерін ескере отырып, ел бойынша жалақының орташа деңгейі 335 мың теңгені құрады.

"Номиналды түрде бұл көрсеткіш жылдан-жылға 16,7%-ға өсті, бірақ бағалар да шарықтады және шын мәнінде өсім небәрі 0,9% болды", - делінген хабарламада.

Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Бағаның өсуін ескергенде, ел бойынша 8 өңірдің көрсеткіштері кері кеткен, оның ішінде Астана да бар (-0,9%).

Шағын кәсіпорындарды есептемегенде бір адамға шаққандағы орташа жалақы – 365,5 мың теңгеден жоғары.

"Шағын бизнес жұмысшыларға аз төлегендіктен көрсеткіш жоғары болып отыр. Бұл секторда 1,5 млн адамға сәуір-шілде айларында небәрі 1,1 трлн теңге, айына орта есеппен 258 мыңнан аз қаражат төленген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Экономикалық зерттеу институтының мамандары жалақы көлемі ең жоғары және ең төмен қалаларды атаған.

Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Шенеуніктер келер жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге артуы нәтижесінде 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай табысы ұлғаятынына сендіріп отыр.