×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

ШҚО-да найзағайдың кесірінен 100 бума шөп өртенді

01.10.2023, 13:52
Фото: Ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында найзағайдан шөп өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz LIVE Устинкаға сілтеме жасап.

Оқиға 30 қыркүйекте Ұлан ауданындағы Сағыр ауылынан 17 шақырым жердегі шаруа қожалығының аумағында болған. Найзағайдан 100-ге жуық бума шөп өртенді.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет басқармасының өрт сөндіру бөлімшелері жалынды сәтті өшіріп, қысқы малға арналған 180 тоннаға жуық (600 орам) жемді үнемдей алды.

Айта кетейік, бұл оқиға салдарынан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Серіктес жаңалықтары