×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Испанияда ата-аналарды балаларын «Кальмар ойынын» көруден қорғауға шақырды

16.10.2021, 09:47
Фото: ашық дереккөз

Испания билігі ата-аналарды балаларын «Кальмар ойыны» дорамасын көруден қорғауға шақырды, себебі онда көрсетілетін  ойындарды балалар қайталайтыны туралы көп шағым түскен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ria.ru-дың мәліметінше, Оңтүстік Корея телехикаясы көптеген елдерде, соның ішінде Испанияда көрсетіле бастағаннан кейін,кішкентай балалар «Кальмар ойынындағы» ойындарды ойнай бастаған. Мұғалімдер, мектеп әкімшілігі мен билік ата-аналарға бұл дораманы балаларына көрсетуге болмайтынын ескертті.  

«Бұл телехикая 16 жастан асқандарға көруге арналған. Одан кішкентай балалардың бұл дораманы көрмеуін ата-аналары қадағалауы керек. Дораманы өзім де көрдәм және бұл 12 жастағы балаларға арналмағаны анық. Кішкентай балалардың бұл дораманы көрмеуін отбасы мүшелері қадағалауы керек», - дейді Мадрид қауымдастық мәдениеті жөніндегі кеңесшісі Марта Ривера де ла Круз.

Серіктес жаңалықтары