×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Нонсенс деп есептемеймін": ІІМ вице-министрі қазақ тілін талап еткен Құзайыровтың ісі жайлы

03.10.2023, 11:25
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев белсенді Диас Құзайыр, Әділжан Абдіғалиев пен Әділ Юсуповтың үстінен қозғалған іс бойынша сұраққа жауап берді. Бұған дейін үш белсенді Риддерде мемлекеттік қызметшілерден мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін істі болғаны хабарланған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық белсенділер Диас Құзайыров, Әділжан Абдіғалиев пен Әділ Юсуповтың үстінен Риддер шенеуніктерінен мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Әлеуметтік желіде қазақ тілі мәселесін талап етіп, мәселе көтеріп жүрген павлодарлық блогер Диас Құзайыровтың үйін полиция тінтіп, заттарын тәркілеген. Оның және екі әріптесінің үстінен Риддер әкімдігінің төрт қызметкері арыз жазған.

Белсенділер Риддер қаласындағы жалғыз қазақ мектебі "Шаңырақтың" жағдайын біліп, мәселесін көтеру үшін Риддерге барған. Олар әкімдік, мәслихат және Amanat партиясы филиалының қызметкерлерінен қазақ тілінде сөйлесуді талап еткен, алайда олар барлық жерде орыс тілінде жауап берген. Белсенділердің қазақ тілінде неге олармен сөйлеспейтіні туралы сұрақтарына шенеуніктер "мемлекеттік тілді енді ғана үйрене бастадық" деп ақталмақ болған.

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында белсенділердің үстінен не үшін іс қозғалғанын Ulysmedia.kz тілшісі Ішкі істер министрі Марат Қожаевтан сұраған. Вице-министр…

“Диас Құзайыров – ол азаматтың аты-жөні. Шынымен, олар Риддерге барған. Өткізген іс-шаралары бойынша, қылмыстық іс тіркелді. Ол қылмыстық істі тіркеудің себебі – сол жердегі азаматтардың арызы. “Құқықтары бұзылды” деп отырған азаматтардың арызы бойынша қозғалған іс. Әлі тергеліп жатыр. Ол іс бойынша арнайы филологиялық, басқа да сараптамалар тағайындалды. Қазір сол сараптамалардың алдын ала тергеудің нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Кінәлері дәлелденсе, анықталса, онда жауапкершілікке тартамыз”, – дейді ол.

Марат Қожаев қазіргі уақытта Диас Құзайыров бостандықта екенін атап өтеді. Іс тергеушінің қарауында дейді.

“Ал мемлекеттік қызметкерлерден мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін іс қозғау қаншалықты заңды? Бұлай істі қозғаудың өзі нонсенс деп есептемейміз бе” деген сұраққа вице-министр былай дейді.

“Мен олай есептемеймін. Талап әртүрлі болады. Кейбір нәрселер орысша айтқанда “манерасына” байланысты. Қандай да бір істерді көтеріп, қандай адамдардың құқықтарын бұзғанына байланысты (...) Риддердегі азаматтар өздерінің “құқығы бұзылды” деп санап отыр. Іс барысында анықталады”, – дейді ол.

Ұлыс тілшісі вице-министрден “яғни кез келген азамат мемлекеттік органға барып, қазақ тілін талап етсе, ол қылмыстық қудалауға ұшырай ма?” деген сұраққа Шәріпханов былай деп жауап берді.

“Тағы да айтайын: талаптың әр түрі болады. Оны қандай түрде, қай заңның шеңберінде, қай өзінің сұрақтарын қай манера жасайтынына да байланысты шығар. Сол себептен “заңды құқықттарымыз бұзылды” деген азаматтардың арызы негізінде іс қозғалып отыр”, – дейді ол.

Бұған дейін “Риддердегі жалғыз қазақ мектебі жабылды” деген ақпарат тараған еді. Мәселе – мектептің 1936 жылы салынған ғимаратта оқығандығында. Оқу-ағарту министрлігі “мектеп жабылды” деген әңгімені жоққа шығарып, ведомствоның білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы Ернұр Дәуенов мектеп уақытша 11 мектебі ғимаратына көшкенін хабарлаған еді. 

 

 

Серіктес жаңалықтары