Қазақстанда қазан айының ортасына дейін байланыс және хабар тарату арналарының сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қазтелерадио" АҚ ел тұрғындарына ескерту жасады.
"Компания 8-16 қазан аралығында күзгі күн кедергісі кезеңінің өтуі және байланыс және хабар тарату арналарының сапасының нашарлауы мүмкін екендігі туралы хабарлайды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, қыркүйектің 15-і күні қазақстандық телеарналар хабар таратуды тоқтатқан.
ICRIAP Ай мен Жердің көлеңкелі аймақтарының ұзақ өтуіне байланысты KazSat-3 байланыс ғарыш аппаратының аккумуляторлық блоктары зарядсызданғанын түсіндірді. Соның салдарынан спутниктік телерадио хабарларын тарату және спутниктік мәліметтерді беру бойынша қолданыстағы қызмет уақытша тоқтатылды.