×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

"Хабар" агенттігін белгілі тележүргізуші басқарады

Бүгін, 12:02
"Хабар" агенттігін белгілі тележүргізуші басқарады
Ulysmedia

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұрын бұл қызметті Кемелбек Ойшыбаев атқарған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ләззат Танысбай кім?

Танысбай телеарна саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол Қазақстандағы бірнеше ірі телеарна мен медиахолдингті басқарды.

Әр жылдары «Астана» телеарнасының, «НҰР-Медиа» медиахолдингінің, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның және «Евразия» телеарнасының басшысы болды. Сондай-ақ Қазақстанның Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарған.

«Хабарда» не өзгереді?

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, Танысбайдың тәжірибесі агенттікті одан әрі дамытуға және негізгі жұмыс бағыттарын жаңғыртуға бағытталмақ.

Бұл ретте «24KZ» телеарнасына ерекше назар аударылады. Оның елдегі жетекші қоғамдық-саяси телеарна ретіндегі рөлін күшейту жоспарланып отыр.

Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.