×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Азиада тарихындағы ең әділетсіз шешім – Рақышев Шымбергеновтің жекпе-жегі жайлы

03.10.2023, 18:01
Olympic.kz

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Азия ойындарындағы ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновтың жартылай финалдық кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Рақышев төрешілер "өте әділетсіз шешім" қабылдады деп есептейді.

"Азия ойындары тарихындағы төрешілердің ең әділетсіз шешімі! Шымбергенов бүкіл жекпе-жек бойы жапондық Севон Окадаваға басымдық танытып, өткір шабуылдар жасап, жылдамырақ соққы берді. Бірақ нәтижесінде қарсылас жеңді. Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалында болған оқиға шектен шықты. Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде Халықаралық олимпиада комитетіне төреші қызметіне өз шағымдарын білдіреді", – деді федерациясы президенті.

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды. 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен жапониялық Севон Окадзаваға есе жіберді.

Серіктес жаңалықтары