×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Теңізді кеңейту жобасының созбаққа салынуы мұнай өндірісін тұралатпақ

04.10.2023, 11:54
Теңізді кеңейту жобасының созбаққа салынуы мұнай өндірісін тұралатпақ
Freepik

Энергетика министрі Теңіз кен орнын кеңейту жобасын іске қосу мерзімінің ауысуына байланысты мұнай өндіру жоспары түзетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Өндіру көлемінің болжамын төмендетудің негізгі факторы – Теңіз кен орнында болашақ кеңейту жобасының аяқталу мерзімін кейінге шегеру. Бастапқыда жыл соңына дейін шамамен 32 млн тонна өндіру жоспарланған болатын, енді біз болжамды 27 млн тоннаға дейін төмендеттік. Тиісінше, осыған байланысты біз өндіру көлемінің кестесін реттедік. Жыл қорытындысы бойынша 90 млн тоннаға жуық мұнай өндірілуі мүмкін", - деді Сәтқалиев. 

Ол келесі жылға қатысты болжам да түзетілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Бізде ОПЕК+ бойынша уағдаластық шеңберінде өндіру көлемін шектеуге байланысты шартты міндеттемелер бар екені түсінікті, осы сценарийлерге сүйене отырып, жақын арада 2024 жылға нақтыланған болжам береміз", - деп қосты ол.

Ол Теңізді кеңейту жобасы алты айға шегерілгенін айтты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сәтқалиев Қазақстан Қытай мен Түркіменстаннан жанармай импорттауы мүмкін екенін мәлімдеген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстары басталып, жанармай өндірісі тоқтатылды.