×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ешкімнің құқығына қайшы емес – қаржы министрі Қазақстандағы "шетелдік агенттер" тізімі жайлы

04.10.2023, 13:29
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелдік көздерден қаражат алып келген қазақстандықтардың тізіміне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ өкілдері министрден тізімге шетелден қаражат алатындар неге түгел енбегенін сұрады.

«Бұл жерде ешкім олардың қолынан ұстап алған жоқ. Әр адам өзі есеп береді. Егер қандай да бір компания немесе тұлға шетелдік көздерден қаржы алып, есеп ұсынбаған болса, бізге хабарлаңыздар, анықтайтын боламыз», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Ол шетелден қаржы алатын азаматтар тізімін жасау заң талабы екенін атап өтті.

“Аталған тізімді жасау ешбір адамның немесе кәсіпорынның заңды құқығына қайшы келмейді",- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, "шетелдік агенттер" тізіміне 240 ұйым мен жеке тұлғалар кірді, олардың ішінде әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдіктері, қауымдастықтар, кәсіпорындар, бірнеше БАҚ және тіпті журналистер де бар.

 

Серіктес жаңалықтары