Бүгін таңғы уақытта Индонезияның Бали курортты аралында 4,8 балдық жер сілкінді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
rbc.ru-дің мәліметінше, табиғат апатынан 3 адам мерт болған. Олардың арасында 3 жастағы қыз бала бар. Тағы 7 кісі жарақат алды. Жер сілкінісінен кейін таудан тастар домалап, 3 ауылға баратын жолды жауып қалған. Бірнеше үй мен шіркеулер қираған.
4 миллионнан астам адам тұратын Бали аралында индуизм діни ағымы кеңінен таралған.
«Біздің ауылдағы үйлердің 60 процентке жуығы қирап қалды. 4 адам жарақат алды, оның үшеуі – бала», - дейді Бунга ауылының басшысы Ненга Кертауа.