Ақмола облысының Мортық ауылының тұрғындары Астанаға көмек сұрап келді – олар қалың жұртшылықтың назарынсыз жергілікті билікке қарсы тұрып, көлді құтқара алмайтындарын ұқты. Ulysmedia.kz ауылдағы жалғыз су қоймасы жалған құжаттармен және тиын-тебенге сатылып кеткенін анықтады.
700 мың теңгенің көлі
Ауыл тұрғындары мен шенеуніктер арасындағы дау өткен жылы басталды. Ол кезде Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аукцион өткізіп, Мортық көлін 49 жылға жалға алу ұсынды.
Жергілікті тұрғындарға бұл аукцион туралы ескертілмеді, сондықтан олар Серік Жүсіпов есімді елордалық кәсіпкер көлдің иесі болғанын кештеу білді. Мемлекет оған 102 гектарға созылып жатқан көлді небәрі 757 257 теңгеге сатты.
Жалған құжаттар
Ауыл азаматтары бағаға ғана емес, көлді беру процесіне де алаңдаулы. Аукцион тоғанның балық шаруашылығын жүргізуге жарамды екендігі жазылған ғылыми зерттеу актісі негізінде өткізілді.
Құжатқа сәйкес, зерттеуді В. И. Вернадский атындағы үкіметтік емес экологиялық қор, "Астана-Финанс Групп" ЖШС және бірнеше жергілікті тұрғындар жүргізді.
Бұл жағдайды зерттеген заңгер Талғат Құсдәулетов құжаттың жалған екенін айтты. Ол күмән тудырған себептерді атады:
Қазақша бизнес
Адвокат пен ауыл тұрғындары мәселе ақшада деп есептейді. Көлді смартфонның бағасына сатып алған кәсіпкер сол жерде балық өсіріп, мемлекеттен субсидия алуға ниетті. Қанша екені әлі белгісіз. Тұрғындар көлді өндірістік масштабта балық өсіруге жарамсыз деп санайды – оның тереңдігі 1,5 метрден аспайды.
Сонымен қатар, Мортық – жергілікті тұрғындар көкөністері мен малын суғарып отырған округтегі жалғыз су қоймасы. Қазір олардың айтуынша, көл аумағына "жеке меншік" деп жазылған тақтайшалар ілінген.
- Мұндай ақша бөлінген кезде бұл сыбайлас жемқорлыққа жол ашады. Тұрғындар жалпы балық өсіруге қарсы емес, бизнесті дамытуға қарсы емес, бірақ мәселе мынада: бұл кішкентай көл - жалғыз суару көзі. Бірақ халықтың пікірі ескерілмеді, - дейді заңгер.
Сонымен қатар, балық өндірісіне қазір қомақты субсидиялар бөлініп жатыр. Мысалы, экология министрінің бұйрығымен мемлекет мыналарды қамтиды:
- Көрші мемлекет бізге жеткілікті су бермеді деп шағымданамыз. Бірақ мойындайықшы, бізде қолда бардың өзін ұқсата алмай отырмыз. Біз балық өсіруге қарсы емеспіз, бірақ мұнда халықтың проблемалары ескерілмейді. Балық өсіргеннен кейін көл тартылады", - деді ауыл тұрғындарының бірі.
Тұрғындар Президент әкімшілігінен басқа барлық инстанцияларға жүгінгендерін хабарлады. Олардың айтуынша, әкімдіктер де, экология министрлігі де олардың талабына назар аудармаған. Ауыл тұрғындары жаңа экология министрі Ерлан Нысанбаевтың қабылдауына барған. Бейінді ведомство басшысы жағдайды шешуге уәде бергенімен, бүгінгі күнге дейін бұл мәселенің шешілер түрі жоқ. Тұрғындар балық дауының астарында сыбайлас жемқорлық жатқанына сенімді.