×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

42 аудан мен 3 қала әкімінің сайлауы: кандидаттардың 5%-ы ғана – әйелдер

06.10.2023, 12:49
фото: ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясы 5 қарашада өтетін 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қала әкімі лауазымына 249 үміткер анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың дерегінше, үміткерлердің  64%-ы – өзін-өзі ұсынушылар.

Орташа есеппен бір орынға бес үміткер таласпақ. Ең үлкен бәсекелестік Абай облысының Курчатов қаласында: бір орынға тоғыз үміткер бар. Жамбыл облысының Жуалы ауданында, Жетісу облысының Кербұлақ ауданында және Түркістан облысының Бәйдібек ауданында да кандидаттардың белсенділігі жоғары.

 

Ең төменгі бәсекелестік – Ақмола облысының Жақсы ауданында, Атырау облысының Исатай ауданында, Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында, Қостанай облысының Алтынсарин, Денисов және Қарабалық аудандарында, онда бір орынға үш үміткер таласады.

Үміткерлердің орташа жасы – 47, 70% - ы-35-тен 55 жасқа дейінгі азаматтар. 249 үміткердің тек 13-і – әйелдер.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 5 қарашада пилоттық режимде 42 аудан мен облыстық маңызы бар үш қала әкімдерін сайлау өтеді.

Бұдан бұрын кандидаттарды тіркеу 15 қыркүйекте басталып, сайлаудың өзіне 25 күн қалғанда – 10 қазанда аяқталатыны хабарланған. Кандидаттарды тіркегеннен кейін бірден сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады, ол 24 күнге созылады.

Серіктес жаңалықтары