×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мұндай мүмкіндік жоқ: министр тегін жоғары білім беру жайлы

06.10.2023, 13:47
Мұндай мүмкіндік жоқ: министр тегін жоғары білім беру жайлы
фото: ашық дереккөзден

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы бірнеше жылға арналған болжаммен есептеулер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ өкілдері министрден неге Қазақстанда жоғары білімді тегін ету мәселесі көтерілмейтінін сұрады.

"Біз 15 жылға арналған болжаммен жүргізіп отырған есептеулер әзірге бізде мұндай мүмкіндік жоқ екенін көрсетеді", - деді министр.

Сондай-ақ, ол қазір мемлекеттік білім беру тапсырысы мектеп түлектерінің 40%-дан астамын гранттармен қамтуға мүмкіндік беретінін еске салды.

"Гранттар саны қысқармайды, ұлғаяды. Бірақ демографиялық өсім көп, бұл гранттар жоғары оқу орындарына жоғары қолжетімділікті сақтау үшін жеткіліксіз болады. Қазір бізде ересектердің шамамен 62%-ы жоғары біліммен қамтылған. Иә, құлдырау бар. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш шамамен 80%-ды құрайды. "Келешек" бағдарламасы – жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтудің қосымша тетігі", - деді ол.

Бұған дейін министр бала туу көрсеткішінің өсуі аясында білім беру жүйесіне болашақта жүктеме арта түсетінін айтқан болатын. Оның сөзінше, 2040 жылға қарай мектеп түлектерінің 15%-ы ғана грантқа қол жеткізе алады.

Осыған байланысты елімізде азаматтарға жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде қолданыстағы қолдау шараларын біріктіретін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.