×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

"Павлодар-Семей-Қалбатау" тасжолында ақы алу жүйесі іске қосылды.

08.10.2023, 09:50
Фото: Ашық дереккөз

Бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚазАвтоЖолдың жазуынша, алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:

2023 жылғы 9 қазанда «Бейнеу-Ақжігіт»;
2023 жылғы 10 қазанда «Орал-Самара»;
2023 жылғы 14 қазанда «Павлодар-Омбы»;
2023 жылғы 16 қазанда «Көкшетау-Петропавл» күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.
Сонымен қатар «Орал-Саратов» жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр. 

Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

Жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);
16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;
32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;
32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;
жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км;
жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.

Абоненттік төлем туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары