×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Тель-Авивтегі Елшілігіміз Израильдегі азаматтарымызбен тұрақты байланыста - ҚР СІМ

08.10.2023, 16:40
Фото: Ашық дереккөз

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Спикердің айтуынша, Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді. 

“Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал  іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз. 

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалуда”, – деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, елшілік Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасаған болатын.

Артынша Израильдегі қазақстандық Air Astana барлық азаматтарды қалдырып кеткенін айтты.

Серіктес жаңалықтары